Ауылдан келген телефон

136

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Шапағат ӘБДІРҰЛЫ.

 

 

Телефон; 87075260494

Эл почта; shapagattt@mail.ru

-Алло інім,
-Жағдайың жақсы ма?
-Шүкір аға, сіздей жандар тапшылау…
-Сіздер деші? жеңгем қандай жақсы ма?
- Жақсы болмай кеше апардым бақсыға.
- А, не дейді? Апам қандай үйдегі?
- Олар жақсы немересін сүйгелі.
Бірақ жауын, отын тапшы, қи шірік…
- Сен қалайсың?
- Біздеде аға күй сұлық,
Жапыраққа ай қарайды сүйсініп…
Қазан желі мөңіресе әрең тұр,
Ағаштардың бұтақтары исініп…
- Сіздерде ше?
- Е, бізде сол,
Атпен ауыл кезген боп,
Күн суық па? бірақ әлі сезгем жоқ…
Алатаудан самолетпен жездең кеп.
Содан ба сәл көңіл-күйім көрім боп,
Қара таудан шабан атпен келін кеп.
Бүгін быраз сілтеп қойдым, сорпа ішіп,
Қуырдақ пен
Жылқы етін де жедім көп.
Сонан кейін жалғағам ғой телефон,
Жағдайың қалай екен сенің деп.
-Ия,ия.
……………………………..
Ауылды айта бермеші аға әрең тұр,
Менің дағы қос жанарым желіндеп…

Пікірлер