Көрілім мен оқылым жинау үшін “қазақтар үйтед, қазақтар бүйтед” деп біраз жерге бардық.
Жазбалардың, видео-контенттердің астарында қазақтардың кері кеткен ұлт екенін, кері сөйлейтінін, көп дүниеден хабарсыз екенін сипаттайтын элементтер толып жатыр.
Мұны ақылмен жазып жатқандар және аз.
Қызды-қыздымен қазаққа айтпағанды да “айтқызып жібергендер” көзге шалынды.
Өз ұлтыңды кекетіп, оны арзан юморға жауып, сәттік лүпіл, титтей ұпай жинап, бір дүниеге жетпеспіз. Адамның бар әрекеті - оның бар деңгейі ғана.
Тестологиялық анализ.
- Шұқып отырады емес, *шұқшиып отырады. Не компын шұқылап отырады. Қазақта к*тті ғана шұқиды (сөз жүзінде). Автор бұдан бейхабар. Демек, жазбагердің Қазақы танымнан алыс екенін аңғартып тұр. Әлі орысша ойланады.
- Қазақ әрекетіне орысшалап баға береді. Бұл - отарлау процесінің салдары, әрі жалғасып келе жатқанының жаңа көрінісі.
- Жалпылау. Өз тәжірибесін не естіген, көрген-білгенін жалпыұлтқа таңу.
Ақпарат кеңістігінде уақытша, өтпелі трендтер жүріп жатады. Бірақ трендтер кейде біздің бойымыздағы “дертті” ашып береді. Бұл мысалда - “қазақ әрекетіне”әлі қожайынының тілінде, Ұлы Орыс империясының тілінде баға беру.
Бұл антропологиялық психологияда анықталған категория. Яғни бас ұру категориясы. Жұмсартып айтқанда - отаршылдықтың элементтері.
Аңғарғандар байқар, білмегендер мүмкін енді ойланар. #Мәтін диагнозтикасы