Жұлдызды Шортанды

119

 

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік мақала» аталымы бойынша Кенжебай Арман.

Тел:87073047738

 

 

Ақмола облысы, Шортанды ауданында 2018-2019 жылдар аралығында көптеген іс-шаралар өтті. Шортанды ауданы-ең активист аудандардың бірі. Бұған дәлел Жастар ресурстық орталығының осы жылы сіңірген еңбегі.

2019 жылы 13 қыркүйекте Шортанды ауданының Мәдениет үйінде Ақмола облысының арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтары арасында Жастар жылына арналған \Жұлдызды сағат\ атты байқау өтті.

Аудан жастарына өте үлкен көңіл бөлінді. 10 тамыз күні \Жастар күніне\ арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шара барысында аудан әкімі Г.Ә.Сәдуақасова жастарды құттықтап, ауданға еңбегі сіңген жастарды марапаттады.

Мерекелік кеш тізгінін D&J MC SHINE RICHY қолына алып, түрлі қызықты ойындар жүргізіп, кеш көркін қыздыра түсті. Сонымен қатар кеш барысындпа аспан шамдары ұшырылып, мерекелік отшашулар болды.

10 қыркүйек күні Жастар ресурстық орталығымен бірге Шортанды ауданы Тілдерерді оқыту орталығында ҚР халықтарының тілдері күні аясында үш тілді меңгерген жастар арасында \Тілдарын\ байқауы өтті.

Шортанды ауданынан қолы алтын сурет шеберлері, әлемдік чемпиондар және өте дарынды жастар шыққан.

1.Бектас Карим

Мәдениет үйіне еңбегі сіңген сурет шебері. Каримұлы Бектас Шортанды ауданының мақтанышы.

16 қыркүйекте Карим Бектас Өзбекстанда 70 мемлекеттің қатысуымен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Сол көрмеге шортандылық Карим Бектас ағамыз қатысып жүлделі орынға ие болды.

2.Цырульников Сергей

Күштік нөмірлері бойынша 4 дүркін әлем рекордшысы. Шортанды ауданының тумасы Сергей салмағы 148 тонналық вагон тіркеулі тепловозды бірнешн метрге сүйреген.

Оның сөзіне сенсек, әлемдік рекорд 153 тонна болып отыр.

"Мен-қазақпын Төлқұжатымда беларусь деп жазылып тұр. Бірақ, мен маған киелі рух сыйлай білген, мені батыр етіп тәрбиелеген, аруақты елдің қорғаны -Қазақстан жернде тудым. Сондықтан, мен-жан-жүрегіммен қазақпын"- дейді алып күш иесі.

Жастар-біздің ертеңіміз және олардан елінсүйгіш патриоттарды шығару үшін біз оларға, өмір бойы жинаған білімімізді таратуымыз керек. ШОМ №3 мектебінде дәл осы істі қолға алды. ШОМ №ІІІ оқу

Пікірлер