Шымкентте 6 жастағы жиенінің қолын байлап, суға батырып өлтірген әйелге үкім шығарылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Процесс Шымкенттегі арнайы ауданаралық сотта қылмыстық істер бойынша ашық отырыста өтті. Әйелге ҚР ҚК 99-бабының 3-бөлігі бойынша "Кәмелетке толмаған баланы өлтіру" айыбы тағылды.
Трагедия 2024 жылдың маусым айында болған. Қыздың ұйқысынан оянып, дауыстап жылағаны үшін ашуланған әйел оның қол-аяғын байлап, ұрып, жерге лақтырған. Нәтижесінде қыз есінен танып қалған. Кейін әйел ваннаны сумен толтырып, жиенін суға батырып өлтірген. Сот баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, бұл қасақана кісі өлтіру болған.
Прокурор әйелге 20 жыл түрме жазасын сұраған. Ал зардап шегушінің заңды өкілі әйелді кешіріп, оған қатал жазалау тағайындалмауын өтінген. Айыпталушы әйел жазасын мойындамады.
Сот әйелді кінәлі деп танып, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Оны орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеуге жіберді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.