Жамбыл облысында ТЖД қызметкерлері Қордай асуында қалып қойған жүк көлігінің жүргізушісін құтқарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«Трэкол арнайы техникасымен төрт құтқарушы оқиға орнына жетіп, ауыр жағдайда қалған жүргізушіні тапты. Ұзақ уақыт бойы аязда тұрғандықтан, көліктің жанармайы қатып қалған. Жүргізуші бес тәулік бойы жолда болған», – деп жазды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Құтқарушылар жедел түрде зардап шегушіге қажетті заттарды жеткізіп, оның денсаулық жағдайын тексеріп, жүк көлігінің жұмысын қалпына келтіруге көмектесті.