АҚШ-та заңсыз мигранттарды әскери авиация арқылы депортациялау басталады

2153
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/11/img_9201-960x500.jpeg?token=48eb1193078bc5ea6ad8bb93eded165c
АҚШ-тың шекара қауіпсіздігі жөніндегі кураторы Томас Хоман ABC телеарнасына берген сұхбатында заңсыз мигранттарды депортациялау үшін әскери авиацияны қолдану тұрақты практикаға айналатынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Оның сөздеріне сүйенсек, әр күн сайын АҚШ-тан жүздеген заңсыз мигранттар шығарылатын болады. Хоман қазір көші-қон және кеден қызметінің қызметкерлері елде заңсыз жүрген 11 миллионнан астам адамды ұстай алатынын, тек қылмыс жасағандарды ғана емес, барлық заңсыз мигранттарды депортациялай алатындарын атап өтті. Трамп президент қызметіне кіріскеннен кейін екі АҚШ әскери ұшағы Гватемалаға алғашқы депортацияланған адамдарды жеткізді. Дүйсенбі күні Трамп өз сөзінде заңсыз мигранттардың АҚШ-қа кіруін дереу тоқтату және миллиондаған мигрантты елден шығаруды бастауға уәде берген еді.
Комментарии