«Қазгидромет» Астана, Алматы және тағы сегіз қала тұрғындарына ауа сапасының нашарлайтыны туралы ескерту жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
26 қаңтарда Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Теміртау, Балқаш, Қарағанды және Қостанай қалаларында ауа ластануы күтіледі.
Бұл жағдай тыныш ауа райы, жел, тұман сияқты ауа райының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай жағдайларда атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттар жиналып, ауаның ластану деңгейі артуы мүмкін.