Отан

131

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша ОРАЗАЙ ЖЕҢІСҰЛЫ.

 

Байланыс телефоны: 87055260188

Отаным!
Жан-арым, бек сөзім,от-әнім.
Сен деп күлсем күнің өзі мен болам,
Елжіресем көзіндеймін ботаның.

Айна көлсің, бойыңдағы тұмармын.
Ай да сенсің, жұлдызың боп туа алдым.
Гүлдеріңді көкірегіме шығардым,
Көбелегіңе құмармын.

Қарапайым айтсам, бақ құсым!
Қас шайырдай айтсам,
Келбетің - ғұн, сақ – түсің!
Беу, беу құндағым,
Орындалмаған арманымдай тәттісің.

Жусаның боп бозаң белде көгерсем.
Ғұмырымның көшін сенде шөгерсем.
Мамық төккен ұясындай үкінің,
Кеудемдегі жалғыз ғана өлең – сен,
Отаным!

Пікірлер