Семейде шахматтан Төлен Тоқтасыновты еске алуға арналған турнир өтті

2859
Adyrna.kz Telegram

17 қаңтар күні Семей қаласында белгілі саясаткер, қоғам қайраткері, Мәжілістің бұрынғы депутаты Төлен Тоқтасыновты еске алуға арналған шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Турнирді ұйымдастырып, демеушілік жасаған - Төлен Төқтасыновтың отбасы.

Сондай-ақ, турнирге облыстық шахмат федерациясы, «Невада-Семей» қоры, «Вайнах» шешен-ингуш мәдени орталығы мен «Айша-бибі» халықтық ансамблі қатысып, қолдау білдірді.

Шахметтан жарысқа 38 адам түсті.

Турнир барысында Олжас Сүлейменов басқарған «Невада-Семей» қорының Абай филиалының директоры Сұлтан Картоев Төлен Тоқтасыновқа арналған төс белгіні оның ұлы Алиханға табыстады.

Абай аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі, өңірге сыйлы адам Нұрланбек Тоқтабаев Төлен Тоқтасыновты еске алып, турнирге қатысқандарға алғысын білдірді.

“Өзіміздің жерлесіміз, бауырымыз Төлен Тоқтасынов Семейден шыға отырып, елдің мұңын жоқтап, халықтың өркендеп-өсуіне үлкен еңбек қылды. Сөйтіп жүріп, Мәжіліске депутат болып, үлкен саясаткер болып, Қазақстанның тұлғасы бола білді.
Кешегі 2000 жылдардағы жер мәселесін шешудегі 11 депуттатың бірі - Төлен Тоқтасынов елі. Ол қоғам қайраткері бола білді. Біздің елімізден, жерімізден шыққан ұлдарымыз осындай ерлікті көрсетіп, Қазақстанның дамуынаүлкен еңбегін сіңдірді. Сондай азаматымызды еске алып, осында отырған семейліктер, жора-жолдастары, туған-туыстары шахмат турнирын ұйымдастырып жатыр. Ұйымдастырып жатқан азаматтарға, турнирге қатысушыларға үлкен алғыс айтамыз. Еңбектері жана берсін!” деді Нұрланбек Тоқтабаев.

Пікірлер