Басшылық: Көпбалалы аналар баспана сұрап, өз мүддесін көздеп отыр

245

Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Талғат Рахманберді  баспана сұраған аналардың зарын заңсыз деп тапты, деп хабарлайды adyrna.kz  сайтының тілшісі inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Басқарма басшысы көпбалалы аналар тек өз мүддесін көздеп отыр, заңды белден басуда деп ашық айтты.

«ҚР-дағы бейбіт шеру мен ереуілдерді ұйымдастыру заңының талаптарына сәйкес, бейбіт шеру, митинг, ереуілдерді жергілікті атқарушы органның рұқсатымен ғана жасауға болады. Аталған тұлғаларға жергілікті атқарушы органдар тарапынан рұқсат берілмеген. Соған қарамастан көпбалалы аналардың жекелеген топтары осындай шерулер арқылы өздерінің жеке басының мүддесін, мәселерін шешуге тырысып жатыр. Ол толығымен заңсыз. Біз олармен толығымен келсіпейміз. Себебі көтерген мәселелердің барлығы заңсыз. Аталған заң талабына сәйкес, тұрғын үй алу үшін кезекке тұру қажет. Нұр-Сұлтан қаласында кезекке Тұрғын үй қоры тұрғызады. Сол қорға барып, кезекке тұрып, соған байланысты баспанамен қамтамасыз етіледі. Ал өзінің жеке басының мүддесін шешу үшін заңды белінен басып, шеруге шығып, ереуілдеткен азаматтардың әрекеттерінің барлығы заңсыз. Біз мұны ашық айтамыз», -деді Талғат Рахманберді.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер