Мұғалімдердің жалақысы екі есе өсетін болды

1156

Қазақстанда мұғалімдердің жалақысын екі есе көбейту туралы заң қабылданды, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы.
«Заң бойынша 173 мың сынып жетекшілердің және дәптер тексеретін 165 мың ұстаздың жалақысы артпақ.

212 мыңнан астам қызметкерге біліктілік санаты үшін 30% -дан 50% -ға дейінгі шамада, 7 мың қызметкерге магистр дәрежесі үшін, 18 мың қызметкерге тәлімгерлігі үшін - 1 БДО (T17 697) мөлшерінде 10 АЕК (T25 250) көлемінде қосымша төлемдер төленеді. Қосымша 14 күндік демалысты 100 мыңнан астам адам алады», - деп бүгін  мәжілістің баспасөз қызметінде хабарланды.

Сонымен қатар, әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысын көтеру, денсаулық сақтау, «үздік оқытушы», «жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» иегерлерінің стипендиялары да үздіксіз беріліп отыратын болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер