Даниал Ахметовтың қарындасын кімдер ұрламақ болды?

1724

Дереккөздердің хабарлауынша, белгісіз адамдар Гүлфаз Кенжетайқызын Павлодар қаласының орталығындағы үйінен ұрлап, оны көлікке сүйреп апаруға тырысқан. Алайда әйел бұзақылардың қолынан қашып шыққан. Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Аубанованы ұрлау әрекеті туралы ақпаратты растады: «2019 жылдың 18 қыркүйегінде 1958 жылы туған жәбірленуші А. полицияға хабарласып, сағат 07:40 шамасында белгісіз біреулер Павлодардағы Есеналиев көшесіндегі № 16 үйдің маңында оған шабуылдаған. Оған қарсы зорлық-зомбылық жасаған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 125-бабы (ұрлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" деп мәлімдеді Павлодар облыстық полиция басқармасы.

Даниал Ахметов қарындасының жағдайын ести сала, ұшып келіп, бәрі жақсы екеніне көз жеткізгеннен кейін, Өскеменге қайтып кетіпті.
Гүлфаз Аубанова Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының бастығы және Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің бастығы қызметтерін атқарды. Ол Danel медициналық мекемесінің негізін қалаушы болып табылады, оның құрамына 2018 жылы мемлекеттен сатып алынған аймақтық диагностикалық орталық, жақында ашылған жеке клиника және Павлодар қаласында 24 жыл бойы жұмыс істейтін жеке перзентхана кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Ахметовтер отбасы өткен ғасырдың 90-жылдарынан бастап іскер топтар мен бизнесте де, күштік құрылымдарында да үлкен абыройға ие болған танымал әулет. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қарындасына жасалған шабуыл Павлодарды дүр сілкінтті. Осы шабуылға байланысты түрлі болжамдар жасалуда. Ахметовтер отбасына анау-мынау адамның батылы барып шабуыл жасамасы да белгілі. Полиция қылмыскерлерді іздестіруде.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер