Павлодарда интернет алаяқтарға көмектескен ерлі-зайыпты ұсталды

1214
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/01/8ad4b5c6-9612-4e14-a4f1-8ed3f8a5f071.jpeg

Павлодарда ерлі-зайыпты интернет алаяқтарға көмектескен. Бұл туралы ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Ақпаратқа сәйкес, жалдамалы пәтерде 5 SIM box құрылғысы табылды. Оның әрқайсысында 8 SIM картадан орнатылған. Құрылғы көмегімен интернет алаяқтық жасау үшін қолданылатын виртуалды абонент нөмірлері тіркелген. 

Бұдан басқа 4 роутер

мен қазақстандық және шетелдік байланыс операторларының 53 SIM картасы тәркіленді. 

Ерлі-зайыпты апта сайын құрылғылардағы SIM карталарды ауыстырып отырған. 

«Ұсталғандар полицияға жеткізілді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.

Комментарии