Тоқаев билігіне бүгін 100 күн. 100 күнде не өзгерді?

241

Бүгін 30 жыл Қазақ мемлекетін басқарған Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік қызметтен кеткеніне дәл 6 ай болды.
Сол сәттен бастап ел азаматы ретінде Тоқаевтың президент болғанын қолдап-қуаттадым. Әу басында түсінбеген жандар уақыт өте келе ұғынды деп ойлаймын. Тоқаевтың қызметіне баға берер уақыт әлі жетпеді, алайда біздің күткенімізді де орындамай жатқан жоқ. Уақытшасы бір бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлының сайланып мемлекет басшысы болғанына бүгін 100 күн толды.
99 күнде біраз шаруа атқарылды. Президент Арыста елдің жанында болды. Бір реттік белгіленген мөлшермен кредит кешірілді. Мемлекет басшысы ретінде алғашқы жолдауын жасады. Ұлттық кеңесті құрып, саяси-экономикалық реформаға бастама болды. Тағысын тағы. Шамалған станциясындағы оқиғаға сол сәтінде көңіл айтқанындай, елдегі әр жағдайға бей-жай емес.
Тоқаев 24 қыркүйектегі БҰҰ бас ассамблеясы жиналысына АҚШ-қа сапары алдында кеше бірнеше күтпеген тағайындау жасады. Мұны жұрт “Назарбаевтың ықпалымен” байланыстырады. Меніңше, мұндай пікір көбірек интригағаға әуес жандардың және “Назарбаевтың шексіз билігі” жамбасына оң келетіндердің” ойы(ны). Елбасы билікке сырттай араласып отыр деуге келмейді. Ол сайлау кезеңінде бір емес екі рет “Бәріміз халық сайлаған Президентке қолдау көрсетіп, жұмыс істейміз” деген болатын. 16 мамырда және 23 мамырда араға апта салып айтты бұндай сөзді. Назарбаев Махатхир Мохамад сияқты билікке қайта келем деп отырған жоқ. Екінші президент те теріс политика жүргізбеді. Демек, интригағаға орын жоқ. Бұдан да жақсы өзгерістер мен ілгерілеу күтейік.

Нұрғали НҰРТАЙ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер