“Адырна” ұлттық порталы YouTube арнасының кезекті қонағы - философ, оқытушы Нұржан Құлымжан.
Сұхбат барысында ол өзінің философияға келу жолын, ұлы ойшылдарды зерттеуін, қоғамға философиялық тұрғыдан талдау жүргізеді. Ол Конфуцийдің идеологиясын талқылап, қазіргі жастардың қоғамға деген көзқарасына тоқталады.
Нұржан Құлымжан шетелдік үздік оқу орындарында білім алған қазақстандық жастарға деген көңілі толатынын атап өтіп, тойдағы арзан ойын-күлкі жайлы пікір білдіреді. Сонымен қатар, ол өзі құрған “Баянаула” ұйымы, “Асыл домбыра” кешіндегі қызықтар, “Жолшы” клубы туралы әңгімелеп, Қазақстанның жарқын болашағына деген сенімін жеткізеді.