Алматы - бірлік пен келісімнің ордасы

94

Тәуелсіздіктің 30 жылдық тарихы – тұрақтылықтың, Қазақстан халқының достығы мен келісімінің тарихы болмақ. Сол себепті еліміздің әр аймағында ұлтаралық және дінаралық татулықты, өзара сыйластықты сақтау, жалпыұлттық бірлігімізді нығайту жұмыстарды жүзеге асуы тиіс. Осы орайда, еліміздегі этно-мәдени бірлестіктер мемлекеттік органдар тарапынан ұйымдастырылатын шараларға белсене араласып, ұлтаралық келісім және өзара достық негізінде жұмыс атқаруда. Солардың бірі әрі бірегейі Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен жүзеге асқан "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігінің шарасы.   Аталмыш бірлестік "Бірлік - береке бастауы" жобасы аясында "Алматы - бірлік пен келісімнің ордасы" атты дөңгелек үстел өткізді. Шараға Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің басшылары мен  белсенді студенттер қатысты. Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты: Өскелен ұрпақтың этномәдени бірлестіктер ұлттық салт-дәстүрлердің, тілдердің сақталуына, этносаралық қатынастарды үйлестіруге, рухани-мәдени байланыстарды дамытуға өзіндік үлес қосу. Шарада татулық пен ынтымақтастық, достық тақырыптары кеңінен қозғалды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер