Тоқаев БАӘ президентінің шақыруымен Абу-Дабиге барды

233
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Ақорда
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы бүгін, 13 қаңтарда Ақорданың баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысын Абу Даби әуежайынан БАӘ вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізбек.

Пікірлер