Үш боксшымыз жартылай финалда!

5730
Adyrna.kz Telegram

2016 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит бокстан 2019 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына шықты.

Бүгін, 18 қыркүйекте Екатеринбургте әлем чемпионатының  ширек финалы өтуде. 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен  қазақ боксшысы Василий Левит төрешілердің  шешімімен иорданиялық Хусейн Яшаиштен басым түсті.  Айта кетейік, екі боксшы да 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегерлері.

Левит Қазақстан құрамасының жартылай финалға шыққан үшінші өкілі болды. Ширек финалда Сәкен Бибосынов пен Тұрсынбай Құлахмет те жеңіске жетті.

Сондай-ақ, бүгін турнирдегі ширек финалдық жекпе-жегін Абылайхан Жүсіпов, Бекзат Нұрдәулетов, Қамшыбек Қоңқабаев және Қайрат Ералиев өткізеді.

Кешкі сессия (20:00):

Ринг А:
69 келі. Абылайхан Жүсіпов - Роан Поланко (ДоминиканРеспубликасы)

81 келі . Бекзат Нұрдаулетов - Байрам Малкан (Түркия)
91 келі. Қамшыбек Қоңқабаев - Нелви Тиафак (Германия)

Ринг В:
57 келі . Қайрат Ералиев - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан).

Турнирдегі жартылай финалдық жекпе-жектер 20 қыркүйекте өтеді. Қазақстан құрамасы ширек финалға бір жеңіліспен жетті.

1/8 финалда Закир Сафиуллин (63 келіге дейін) жеңіліп қалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер