Бас прокуратура: Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша шағым түсірілді

483

Егер Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты айыптау үкімі шықса, Қазақстан қызды жазасын өз отанында өтеу үшін елге қайтару туралы сауал жолдайды. Бұл туралы бүгін бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды adyrna.kz ұлттық порталы Sputnik Қазақстандағы мәліметтерді негізге ала отырып.

Ахметжанов Ақжарқын Тұрлыбайдың ісі бойынша үкімге шағым түсірілгенін атап өтті.

"Қазақстан мен Қытай арасында сотталғандарды қайтару туралы екіжақты келісім бар. Біз Қытайдың сот төрелігінің соңғы шешімін күтеміз. Егер оны ақтаса, бұл өте жақсы болады. Егер соттап жіберсе, Ақжарқын да, біз де жазасын одан әрі өз отанында өтеу туралы сауал жолдауға құқылымыз", - деді ол мәжіліс кулуарында.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға сапарында Ақжарқын Тұрлыбайдың мәселесін көтерген болатын. Президент Бейжіңдегі кездесулерде Қытай тарапына өзінің жеке өтінішін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан азаматы Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Гуанчжоу әуежайында шекарадан 4,5 келі есірткіні алып өтпек болды деген айып тағылып, ұсталған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер