Қызылорда облысының Арал ауданында жаңа аурухана ашылды

331
Adyrna.kz Telegram

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Сексеуіл» кентінде  40 төсектік аурухана ашылды. Рәсімге Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов және зиялы қауым өкілдері, кент тұрғындары қатысты.

Аймақ басшысы жиналған қауымды Жаңа жылмен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы, құрылыс, денсаулық сақтау салаларындағы жаңашылдықтарды атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы ауыл халқын сапалы алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етуді тапсырып,денсаулық сақтау саласы айрықша маңызға ие екенін ерекше атап өтті. Өткен жылы салабюджеті 146 млрд. 200 млн. теңгеге жетті.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында барлық ауданда 10 млрд. 200 млн. теңгеге 27 медициналық нысан салынды. 2023 жылы екі дәрігерлік амбулатория Арал ауданының «Қызылжар», «Бөген» ауылдарында ашылып, қазіргі таңда емделушілерге қызмет көрсетуде. Осы игі істің жалғасы ретінде бүгін «Сексеуіл» кентіндегі 40 төсек-орынға арналған ауылдық аурухананы пайдалануға береміз.

Аймағымыздың денсаулық сақтау саласында ауқымды жұмыстар атқарылуда.Жылына 10 мың адамға дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі бар жаңа «Қан орталығы», ана мен бала өмірін қорғау үшін көпбейінді облыстық аурухана базасында 70 орындық перинаталдық бөлім ашылды, жаңа МРТ аппараты іске қосылды.

Облыс орталығында емханасы мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы жүруде.Бүгін іске қосылатын жаңа амбулатория ем іздеп келген әрбір адамға сапалы қызмет көрсететін үздік мекемеге айналсын! Біліктідәрігерлеріміз елге адал қызмет етіп, алғысқа бөлене берсін!», – деді аймақ басшысы.

Жиында Парламент Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов жиынға қатысушыларды құттықтап, ел ағасы Нажмадин Мұсабаев батасын берді.Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында қажырлы еңбек еткен ардагерлер мен аурухананы салған құрылысшыларғамарапаттар тапсырылды.

Айта кетейік, ұлттық жоба аясында 4 көпбейінді аудандық орталық аурухана жанынан қосымша құрылыс салынады. Өткен жылы 8 медициналық нысанға күрделі жөндеу жүргізілді,  4 млрд. 600 млн. теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынып, саланың жабдықталу деңгейі 87,1 пайызға көтерілді.

Халықтың сұранысына сәйкес 45 жедел жәрдем көлігі алынып, облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы 100 пайыз қамтамасыз етілді. Соңғы 2 жылда барлық елдімекендегі денсаулық сақтау мекемелеріне 225 жаңа санитарлық автокөлік табысталса, оның 22-сі Арал ауданына берілді.

Пікірлер