Шығыс Қазақстан облысының бас экологы сотталды

1300
Adyrna.kz Telegram
фото: Ratel.kz
фото: Ratel.kz

Шығыс Қазақстан облысы экология департаментінің экс-басшысы Данияр Әлиев пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Антикордың баспасөз қызметінің 6 қаңтардағы мәліметінше, Өскемен қалалық соты өңірдің экология департаментінің басшысы Әлиевке, жергілікті тұрғын Журкабаевқа және кәсіпкер Длюжевскийге қатысты үкім шығарған.

«Әлиев пара алғаны үшін, Журкабаев делдалдығы, ал Длюжевский коммерциялық ұйымға алтын өндіруге экологиялық рұқсат алу үшін 4,5 млн теңге көлемінде пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Сот үкімімен шенеунік – 4 жылға, қала тұрғыны – 1 жыл 6 айға, кәсіпкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, бұған қоса пайдалы қазбаларды барлау және өндіру саласындағы коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшы лауазымдарды атқаруға тыйым салынды. Сонымен бірге олар өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан айырылды»,—делінген хабарламада.

Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салайық, Әлиевтің ұсталғаны туралы ақпарат 2023 жылдың желтоқсанында шыққан еді. Ал 2024 жылдың жазында ШҚО бойынша экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Мамай Бутабаевты ұсталды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер