Әзербайжанның Азаматтық қорғаныс министрі Кямаледдин Гейдаров Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқару операциясына қатысқан қазақстандықтарды марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
«Ынтымақтастық үшін» төсбелгісіне Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің 10 қызметкері ие болды:
Сейталин Азамат Серікұлы;
Аминов Тимур Владимирович;
Айдаров Қани Манапұлы;
Қараев Саясат Мұсаұлы;
Кенжеғалиев Мәжіт Серікбайұлы;
Құлханов Әзімбек Шыңдәулетұлы;
Күзембаев Ербол Ахметұлы;
Меңдібаев Наурызбек Ерланұлы;
Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы;
Тілеубергенова Айман Мыңбайқызы.
Айта кетейік, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 5 қаңтарда құтқару операциясына қатысқан 68 адамға алғыс хаттар мен мемлекеттік наградалар табысталған еді.