Қазағы жоқ қалаға Қытайдағы қазақ әкім болып сайланды

1813
Adyrna.kz Telegram
Фото: The Paper
Фото: The Paper

Қытайдағы ұлты қазақ Ербол Зықанұлы Ганьсу провинциясының Чжанъе қаласына әкім болып сайланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы The Paper басылымына сілтеме жасап.

Чжанъе қалалық V Халық өкілдері жинасының төртінші сессиясының кезекті отырысында Ербол Зықанұлы бірауыздан қалалық әкімдіктің басшысы қызметіне сайланған.

1973 жылы мамыр айында Қытайдың Алтай өңірінде дүниеге келген Ербол Зықанұлы жоғары білімді. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол тұлға бұған дейін Буыршын ауданының әкімі және Алтай аймағы әкімшілік басшысының орынбасары секілді жауапты қызметтерді атқарған.

2024 жылдың қазан айында ҚХР ШҰАР аудиторлық басқармасының жетекшісі қызметінен Чжанъе қалалық партия комитеті хатшысының орынбасары және қала әкімінің міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Ербол Зықанұлы – Қытайдағы ұлты қазақ мемлекеттік қызметкерлердің арасында ШҰАР аумағынан тыс өңірлік маңызы бар қалаға әкім болып сайланған алғашқы тұлға.

Чжанъе – Қытайдың Солтүстік-батысындағы Ганьсу провинциясына қарасты жергілікті маңызы бар қала. Жалпы ауданы – 39 436,53 шаршы шақырым, халқының саны – шамамен 1,2 млн адам. Оның 97%-ы этникалық қытайлар. Қалаға тәуелді аймақтарда дүнген, моңғол, тибет халықтарының өкілдерімен қатар, сарыұйғыр халқының тарихи мекендері бар.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер