Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

631
Adyrna.kz Telegram
Сурет: depositphotos.com
Сурет: depositphotos.com

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 2 қаңтар сағат 09:40-та жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жерасты дүмпуінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 353 шақырым қашықтықта – Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқаны анықталды.

Жер сілкінісінің координаттары – солтүстік бойынша 43.95° с.ш. 81.16°.

MSK-64 бағаны бойынша Қазақстан аумағында сезілгені туралы мәлімет тарамады.

Пікірлер