Оңтүстік Кореяның бірлескен тергеу тобы биліктен шеттетілген президент Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер беруді сұрады. Бұл туралы 30 желтоқсанда Yonhap жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Сұраныс сотқа жексенбі күні жергілікті уақыт бойынша түн ортасында жіберілді.
«Бүлік және билікті асыра пайдаланды деген айыппен тұтқындауға ордер беру туралы өтініш Юн үш рет жауап алуға шақыруды елемеген соң жіберілді», - делінген хабарламада.
Ол 21 желтоқсанға дейін прокуратураға бармаса, басшыны тұтқындауға ордер беру мәселесі қаралады.
Айта кетейік, тергеу тобына жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасы (CIO), полиция және Қорғаныс министрлігінің тергеу бөлімі кіреді.
Юн елде әскери жағдай тәртібін енгізіп «бүлік жасамақ болды» және «билікті асыра пайдаланды» деп айыпталып жатыр.