Грузияның бесінші президенті резиденциядан шығып кетті

1517
Adyrna.kz Telegram

29 желтоқсанда Грузияның бесінші президенті Саломе Зурабишвили Тбилисидің орталығындағы Орбелиани президент сарайынан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сол күні парламентте Грузияның жаңа президенті Михаил Кавелашвилидің инаугурациясы өткен болатын. Оны іс жүзінде «Грузин арманы» партиясы сайлады. Десе де, елдің бесінші президенті Саломе Зурабишвили, оппозиция және Грузияның кейбір одақтасы Кавелашвилиді заңды президент ретінде мойындамайтындарын жеткізді.

«Президент сарайынан өз еркімен кетіп барамын. Алайда өзіммен бірге легитимділік, ту мен халық сенімін ала кетемін. Елден жырақ болсам да, сіздермен біргемін. Күрес тоқтамайды»,—деді Саломе Зурабишвили.

Кавелашвили Грузия парламентінде ант беріп, ресми түрде президент қызметіне кіріскеннен кейін Зурабишвили резиденциядан шығып кетті. Ол бейбіт шеруге шыққандарға Светицховели ғибадатханасына бара жатқанын айтты.

«Қандай да бір қорғаныс қажет болса, мен осынды боламын»,—деді экс-президент.

Еске салайық, бұған дейін Саломе Зурабишвили өкілетін тоқтатпайтынын мәлімдеп, парламентті заңды санамайтынын жеткізген еді. Ол Михаил Кавелашвилидің сайлануын «демократияны мазақтау» деп атады. Сондай-ақ жаңа парламент сайлауын өткізуге жағдай жасауға күш салатынын мәлімдеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мгновенный способ вернуть потенцию - выпить на ночь 1 ложку...
Пікірлер