Тоқаев Корея халқына көңіл айтты

708
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасы президентінің міндетін атқарушы Чой Сан Мокқа көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы бүгін, 30 желтоқсанда Ақорданың баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Президент Муан әуежайында болған ұшақ апатының салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

Мемлекет басшысы жақындарынан айырылған отбасыларға және барша достас корей халқына көңіл айтып, апаттан зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Пікірлер