Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда ұшақ апатынан (Баку-Грозный J2-8243 рейсі) қаза тапқандарды еске алу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
"Баку-Грозный J2-8243 рейсіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандарды Гейдар Әлиев атындағы халықаралық әуежайда бір минут үнсіздікпен еске алды. Жатқан жерлері жайлы болсын", - делінген видеодағы жазбада.
Aдамдар әуежайда мемориалдық стендке гүл шоқтарын әкеліп, қайғылы оқиға құрбандарын еске алған.
Әуежайдың ресми Telegram-каналында видео жарияланды. Кадрларда әуежай ғимаратындағы адамдардың құрмет, қайғы және көңіл айту белгісі ретінде бастарын игені көрсетілген.
Әзербайжан әуе жолдары да мемориал алаңынан фотосуреттермен бөлісті. Жарияланған кадрларда мемориалдық стендке гүл шоқтарын әкеліп, қайғылы оқиға құрбандарына тағзым етіп жатқанын көруге болады.
«Біз Embraer 190 ұшағының апатында жоғалтқан қымбатты адамдарды ешқашан ұмытпаймыз. Баку әуежайының 2-терминалының оңтүстік кіреберісінде орнатылған бұл ғимарат келушілерді шын жүректен дұға, естеліктер мен құрметпен бөлісуге шақыратын терең мағынаға ие», - делінген хабарламада.