Пашинян онлайн-төраға болды. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтті

216
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің (ЖЕЭК) кезекті отырысына қатысты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Саммитке Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин, Армения премьер-министрі Никол Пашинян (бейнебайланыс арқылы), Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаев қатысты. Жиынға Армения премьері онлайн форматында төрағалық қылды.

Жиында Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастықтың басым бағыттары мен негізгі міндеттері талқыланды. Сонымен қатар саммит қатысушылары Ұйым қызметінің өзекті мәселелері және жекелеген аспектілері жөнінде пікір алмасты.

Былтыр да тура осы кезде Санкт-Петербургте Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өткен. ЕАЭО елдерінің басшылары интеграциялық үдерістерді одан әрі дамытудың негізгі міндеттері мен негізгі бағыттарын талқылаған.

 

Пікірлер