Қасиетті туған жер!

192

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік мақала» аталымы бойынша Мамадалиева Қазна Сухрапқызы.

 

Электронды почта: mamadalieva.1993@inbox.ru

Байланыс телефоны:  8747-141-45-01

Туған жер! Бұл сөзде терең мағына жатыр. Данышпан халқымыз:

«Туған жер- тұғырың

Туған тіл- қыдырың», - -деп тегіннен – тегін айтпаған. Ата- бабаларымыз кіндік қаны тамған қасиетті жері үшін қаншама қанды шайқастарды басынан кешіргені, тамыры тереңде жатқан тарихымыз арқылы белгілі. Менің ұғымымша, туған жер, туған ауылдан, отбасынан, ошақ қасынан басталады.

Туған жер—қаситетті де, қастерлі ұғым. Оның қадірін әр адам өзінше түсінетін болар. Мен үшін ол- дүниедегі ең ұлы нәрсе. Өйткені, онда менің аялаған анам, әлпештеп өсірген әкем, туған – туыстарым, дос- жарандарым дүниеге келді. Менің туған жерім- кең байтақ Қазақстан, оның ішінде ақ мамық мақтаға оранған- Мақтаарал.

«Өз елін сүймеген адам ешнәрсені де сүйе алмайды».- дейді ағылшынның атақты ақыны Байрон. Туған жердің тыныштығы үшін батырлар қасық қанын төгіп, ақиық ақындар жақұт жырларын арнаған. Сары алтындай Сарыарқада туып өскен арқалы ақын Қасым Аманжолов «Туған жер» деген өлеңінде былайша тебіренеді:

Шықшы тауға , қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең.

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Әр адам өзін мәпелеп өсірген ата- анасына қаншалықты қарыздар болса, туған жерін де соншалықты қарыздар. Дана халқымыз

«Әркімнің туған жері- Мысыр шаһары» деп бекер айтпаған. Әйгілі Бейбарыс сұлтан туған жерін сағынышпен еске алып, туған елінен арнайы алдырған жусанды иіскеп, мауқын басады екен.

Ақ алтынға оранған мақталы өлке Мақтааралда неше бір саңлақ әншілер , күйшілер ақын- сазгерлер шықққан. Атап айтар болсам Бөрі Иса, Гаухар Әлімбекова, Мұхтар Құралов сынды дара тұлғалар Мақтаарал жерінің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді. Солардың біреуіне тоқтала кетсем Мақтаарал ауданының құрметті азаматы, Республикамыздың мақташылық саласындағы белгілі ғалымы Ибадулла Үмбетаев жайлы сөз қозғамақпын.

Ибадулла Үмбетаев Мақтаарал ауданының көркеюіне өз үлесін қосқан азаматтардың бірегейі. Ол мақта шаруашылығы саласына 80 астам ғылыми еңбектер жариялаған. Мақта шаруашылығы туралы ғылыми мақалалар , тәжірибелер жүргізген. И. Үмбетаев Елбасы Қазақстан Респуликасының алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтан «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған және Мақтарал ауданының құрметті азаматы атағына ие болған.

Мен қазір гимназия- мектебінде еліміздің боашағы саналатын жеткіншектерге тәлім- тәрбие беремін. Олардың бойында туған жерге , туған тілге деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру ұстаздық міндетімнің басты парызы деп санаймын. «Рухани жағынан жаңғыру» да туған елге, жерге құрметпен қараудан басталады деп ойлаймын.

Пікірлер