Туған жер

247

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік мақала» аталымы бойынша  Оспанова Нұрсила Қабденқызы.

Электрондық адресі: nur.1990_kz@mail.ru

Ұялы телефон: 8705 304 6389, 8747 507 1668

Үй телефоны: 8(71454) 21979

 

 

Тарихқа көз жүгіртіп, бала тағдырын ұлт тағдыры деп қарап, келешек ұрпақтың өмірге келген сәтінен бастап, ұлттық қасиеттерді ұғындырып, балалардың бойына ұялата отырып, әлеуметтік өмірге даярлап, еліміздің дамуына үлкен үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу, ол әрине туған жерің кіндік қаның тамған жерден бастау алады. Ананың сүтінен сүйекке сіңіп, етке дарыған алғашқы уыз тәрбиенің жақсы қасиеттерімен иманжүзді де инабатты ұл-қыздың өсіп шығуы жеріне байланысты. Өскен ортасы, ішкен суы, ауасы деп білемін.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті.

Елі текті, қастерлі, қасиетті...

Киелі туған жерім – Амангелді...

Ішсең шөлін қанатын таза, керемет ауасы бар   киелі туған жеріңді қай жерде де, қай елде де еске алып, айтып жүргеннің артықшылығы жоқ деп білемін.

Тіршілік атаулының құтты қоныс  мекені, тіршіліктің түлеп өсуіне қажетті нәрі, жер бетіне көрік берген  сәні.Табиғат, Жер – Ана, атамекен, туған жер, ауылым деген ұғымдар бір-бірімен тамырлас әрі тағдырлас.

«Туған жер » деген сөзде терең ұғым бар,әрі ол әрбір адамның жарық дүниеге шыр етіп келген киелі мекені. Ең алғашқы жұтқан ауасы,алғашқы күн нұрының сәулесі, аялаған өмір бесігі.Туған жердің барлық табиғи қадір-қасиеті ананың ақ сүтімен тұла бойыңа тарайды. Адамның барлық өміріндегі тағдыры да туған жермен тамырласып, өзектесіп жатады.Туған жерім – менің мақтанышым, абыройым.Амангелдінің ұлан-байтақ жері, бейбітсүйгіш халқы бүкіл әлемге танымал. Бар әлем біздің жеріміздің кеңдігіне, шаруашылықтың дамығанына көз тастап қарайды. Ұлттардың, халқымыздың бірлігіне, қонақжайлылығына қызыға да, қызғана қарайды.

Қазақ  халқы «Елдің даңқын ер шығарады, ердің даңқын ел шығарады» - деп бекер айтпаған деп ойлаймын.Туған жердің адамгершілік асыл қасиетін қастерлеуде, халқымызды айдай әлемге жар салуға, жас буын, менде өз үлесімді қосайын деген ниетпен өнер,білім сайыстарына қатысқан болатынмын.Ол да тұғырлы туған жерімнің арқасы. «Тұғырлы, туған жерім - Амангелді» осы құдіретті сөзді әрбір азамат асқақ сезіммен , мақтанышпен айтары хақ...Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде өскен жастармыз. Отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл-қыздарымыз. Әр адамның азаматтық арының тазалығы туған жерін, өзінің ұшқан ұясын ұлағаттаудан басталатынын ешқашан естен шығармауымыз керек.

Аялайық, ұяны ұшқан өзіміз,

Жүректе жүрсін ұяда өскен кезіміз.

Ұяның қымбат екенін естен шығармай,

Сағына жүріп, жүрекпен ғана сезіңіз...

Туған жер – ол адамның жарық дүниеге келген кіндік қаны тамған жері. Телегей теңіз де, ұшар басын мәңгі қар басқан заңғар тау да, көкпеңбек болып бой түзеген орман-тоғай да, көз жеткізсіз сайын дала да – туған өлкеміз. Оның күні шұғылалы, түні – ертегі. Әр адамның атамекені ыстық, қымбат, киелі әрі қасиетті. Тек қана менің, сенің ғана емес, ұрпақтан – ұрпаққа құтты қоныс болып қала беретін бәріміздің туған жеріміз.Ол біздің киелі,қасиетті де қастерлі Амангелді ауданы деп айтуға болады.Еліміздің байлығы да мол.Жеріміз өзен,көлге де бай. Айта берсең сөз жетпейтін құтты мекеніміз.Біз өз туған жерімізді, құтты мекенімізді мәңгілікке ұмытпастай есімізде қалдырамыз. Ата-бабаларымыздың басқан топырағын басып,елімізді көркейтуге өз үлестерімізді қосуға ұмтыламыз. Кенесары батырдың айтқан сөзі бар екен «Кезенген жаумен кескілесіп тұрып,өлісуге шыдайтын ұл болмаса, сондай ұлды туғызып тұрған ел болмаса, қазақтың қай ісі өрге асар дейсің?».Еліңді қорғайтын елді тәрбиелеу қазіргі ата-ананың,ұстаздардың, мектептің міндеті. Өз жерімізді, өз елімізді танытып, балаларға патриоттық тәрбие беру үлкен міндет.Сөзбен айтып қана қоймай, нақты сол жерді көрсету, тарихи тағылымдарды сақтап, қадірлеуді үйрету және тарихын білсе, болашақта өз елін қорғай алатындай қазақ ұрпақтарын өсіру біздің міндетіміз,маңызды жұмыстардың бірі.Ауыл қайнаған тіршіліктің ортасы сезіне, түсіне білген адамға үлкен мектеп.Халық мақалында «Ұлтарақтай болса да, ата қоныс жер қымбат,Ат төбеліндей болса да, туып өскен ел қымбат» деп бекер айтылмаса керек. Туған жер, Отан – кімнің де болса жүрегін шымырлататын тәтті сөз. Жердүниені сан айналсаңда туған жерінен артық жайлы қоныс таба алмайсың. «Ат айналып қазығын табар» — дегендей, қанша ғажайып мекен көрсең де, түбінде Жерұйықтың өз туған жерін екенін түсінесің.Мен туып - өскен Амангелді ауданы тамаша табиғаты мен аңыз - әңгімелерімен, өзінің өнерлі перзенттерімен әйгілі.Сан мыңдаған тіршілік иесіне пана болған ауылдың әр тасына шежіре - жыр тыңғандай, ауасы шипа, бұлағы бал. Бұл топырақтан көптеген ұлы тұлғалар шыққан. Мен өзімнің туған жерімді мақтан етемін және оның алдындағы перзенттік борышымды өтеуге әзірмін. Туған жерім менің тұлға болып қалыптасуыма өз әсерін тигізді. Әркімнің туған жері - Мысыр шаһары демекші өз туған жерім өзіме ыстық. Дүниенің қай бұрышында жүрсеңде туған аймағында өткен күндер есінен кетпейді. Онда өткізген балалық шақ, аяулы мектебім, ұлағатты ұстаздарым, оның тұрғындарының жайдарлы жүздері, менің жан достарым, асыр салып ойнаған көк орай шалғын, анамның қара қазанда пісірген бауырсағы, мереке сайын жайылатын дастархан осының бәрі күні кешегідей көз алдымда. Қанша биік белес бағындырсақта, торқалы туған жердің құдіретінен аса алмаймыз.Туған өлкем әр ісіме шабыт береді, мұнайған кезде көңіліме жұбаныш болады. Мыңдаған тағдырларға куә болып, қойнауы сырға толы бұл мекен менің арманыма қанат бітіреді. Дүниеге шыр етіп келгеннен анамның ыстық махаббатымен сезінген туған жерге деген махаббатым ешқашан жүрегімнен сөнбес.

Балалықтың куәсі балауса бел,

Қырға қонған жайдары жайсан ел.

Бар әлемді алдыма әкелсе де,

Осы жұмақ мекенді аңсар ем.

Аяулы адам, баршасы, қарайтынды,

Мөлдір бұлақ ашады жан сарайын.

Қасиетті топырағынан нәр аламын,

Бой түзеген өзімде шыршадайын.

Туған жерім – тұғырым,шаңырағым,

Ыстық маған кең байтақ атырабым,- деген өлең шумақтарымен өз туған жеріме арнаған жұмысымды аяқтағым келеді.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, шынымен де, туған жерімде туып, туған жерімде өсіп-өнгеннен кейін қашан да туған жеріме қол ұшын берсем,арманым жоқ дер едім.

 

Пікірлер