Әзербайжанда Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

220
Adyrna.kz Telegram

Embraer 190 жолаушылар ұшағының Ақтауда апатқа ұшырауына байланысты 26 желтоқсан Әзербайжанда қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Azertac News Agency-ге сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, тиісті жарлыққа Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев қол қойған.

25 желтоқсанда Ақтауда Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Баку қаласынан Грозныйға бағыт алған әуе кемесі 11:20-да Ақтауда шұғыл қонуға сұраныс жасағаны туралы алғашқы ақпарат пайда болды.

Грозный әуежайының баспасөз қызметінің мәліметінше, бағытын өзгертуге қалың тұман себеп болған. Ұшақ әуелі Махачқалаға, кейін Ақтауға бағытталды. Бастапқыда ұшақ қатты қону жасады деп хабарланғанымен, кейін әуе кемесінің құлағаны белгілі болды.

БАҚ мәліметінше, апаттың себебі ұшақтың құстар тобымен соқтығысуы болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, апат орнынан 22 адам әртүрлі жарақаттармен облыстық ауруханаға жеткізілген.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қазақстанның Көлік министрлігі арнайы тергеу жүргізілетінін хабарлады.

Пікірлер