Маңғыстау

761

“Туған жер” шығармашылық байқауына қатысушылардың туындыларын парақшамызға жариялауды бастадық. Келесі келіп түскен туынды «Үздік поэзия» аталымы бойынша Рахман Бағдат Қыстаубайұлы.

 

Маңғыстау

Тарихтан көремін:

Маңғыстауым түбегім,

Қара бұлтың аспанда

Қабақ түйіп тұр едің.

Ғасырларға керегім

Көк найзасы қолында,

Бабалар болған жер едің.

Қағазға  жазып бір ойды.

Оқып қазір көремін.

Шығаратын меніңде,

Бар еді аздап өнерім.

Уақыт болмай әйтеуір,

Шығара алмай жүр едім.

Қалам алып бастарда,

Біраз ғана түледім,

Қатқан қара күші бар,

Қасиетті түбегім,

Билік болмай қолыңда,

Қанша жылдар жүдедің,

Бойыңдағы байлықты,

Айта алмай жүрегің,

Жұмбақ болып көп жатқан,

Ашылмаған сыр едің,

Сай – сала мен төбелі,

Адыры көп қыр едің,

Еңсеңді басып қалың мұң,

Еңкіш тартып тұр едің,

Ешкім ашып оқымай,

Жатқан дастан жыр едің,

Көмек болмай қоршауда,

Өңі қашқан сұр едің,

Малдан басқа болмаған,

Байлықтан кеңде құр едің.

Ала қырды ап жатқан,

Көтерді сені түлегің,

Көтерілдің, түледің,

Замана салған құрсаудың,

Ағыттың өзің тиегін.

Сондықтанда мен саған,

Басымды төмен иемін.

Аруақтығ дуалы,

Қасиетті киелім,

Сілем – сілем тауларың,

Өркешіндей түйенің,

Арасында тапқанбыз,

Ата – баба сүйегін.

Неше түрлі табиғат,

Су қоршаған жиегін,

Ниеті түзу халқымыз,

Сүтіндей аппақ биенің,

Себебі бұл аймақты,

Ата – анамдай сүйемін.

Ескілерін еске алып,

Қанатымды кең жазып,

Көңіліме түйемін.

Шотпенен қалды күрегім,

Шаттыққа толды жүрегің.

Техника алдырып,

Жылдан жылға үдедің.

Қазып жердің тереңін.

Толтырып қамба зереңін,

Бұрғыларың жарқылдақ,

Ұшындай өткір жебенің.

Сездіңбе сан тұрбалар,

Төске терең енерін.

Жылдардың күткен кезегін.

Уақыт келіп бұл күнде,

Ағыздың мұнай өзенін,

Жердің сылып сүреңін,

Елдің ашып реңін,

Жұмысшы боп осында,

Еңбекшінің бірі едім.

Ырыс қонды түбегім,

Таулы жерді күредің.

Ақтаудай маржан қаланы,

Каспийге әкеп тіредің.

Төріне жұмаққа теңерім,

Болашақта сенерім.

Мұнай, газың атқылап,

Кілкіп бір толды кемерің.

Алып қала салдырдың,

Электр шамын жандырдың,

Мұнаралар көк тіреп,

Барды астына сан қырдың,

Биік болып әлемге,

Атың шығып, жаңғырдың,

Бес жылдықты бітіріп,

Келесіге қарғыдың.

Жігіттерің күшті боп,

Үдеді сенің қарқының.

Кедергіні менсінбей,

Асау аттай азынап,

Тас төбеден тарпыдың.

Тасығанда тау бұзар,

Күші еді бұл жалпының,

Игілікке бастаған,

Бақыты едің халқымның.

 

Пікірлер