Әнші Жанар Хамитова қайтыс болды

1040

Бұл туралы әнші Әбубәкір Ужазов (Әбу Кай) Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

«Сене алар емеспін. Ардақты ағайын... Қайғылы хабар естіп төбемнен мұздай су құйып жібергендей болып отырмын. Бірер сағатта қаншама хат келді, Жанарға не болды деп. Мән жайды анықтап ағасына хабарластым. Өкінішке орай сіздер де менде естіген суық хабар шын болып шықты. Ерке ақ көңіл, сүйкімді Жанардан айырылып қалдық... Арамыздан ерте кетті өкінішті. Жаратқан өз панасына алсын! Мен сені шын жақсы көрем әпкетай! Сенің жарқын жүзің есімізде мәңгі қалады. Иманың жолдасың болсын. Біз сені жақсы көреміз Жанар Хамитова! Ата-анасына жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын...», – деп жазды ол.

Айта кетейік, Жанар Хамитова шығармашылық мансабын Нұржан Керменбаевпен бірге «Арнау» тобында бастап, қазақстандық тыңдармандар арасында танымал болған еді. Бұған дейін ол Super Star KZ жобасына қатысқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер