Ақтауда жол ортасында билеген жүргізушілерге айыппұл салынды (ВИДЕО)

197
Adyrna.kz Telegram

Ақтау қаласында жолда лезгинка билеген көлік жүргізушілері жазаланды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желіде 5 және 6-шағын аудандар арасындағы жол бойында Bentley, Mercedes Benz және Porsche жүргізушілерінің би билеген видеосы тараған еді. Полицейлер жол ережесін бұзғандарды анықтап,  айыппұл салды.

«Меншік иелеріне заң бұзушылықтар туралы хаттамалар жасалды. Барлық үш элиталық көлік айыппұл тұрағына жіберілді. Полиция жүргізушілерден жол ережелерін қатаң сақтауды сұрайды»,–делінген хабарламада.

Жүргізушілердің не себепті мұндай әрекетке барғаны белгісіз.

<

Пікірлер