Тарихи құндылықтарымызды кім талап жатыр?!

282

14 қыркүйек күні Алматыдағы арбатта  белгісіз әйел билік, кеден, Ғылыми кітапхананың директоры, мұражай басшыларын айыптаған плакат ұстап жүрді, деп хабарлайды adyrna.kz  ұлттық порталы.

Өздеріңіз көріп тұрғандай плакатта "Ғылыми кітапхананың директоры сирек кездесетін кітаптарды еврейлерге және Батысқа сатады. Музей директорлары ұлттық құндылықтарды, артефактарды талан-таражға салуда.  Петроглиф, ежелгі қазақтардың таңбалы тастағы жазуларын билік, кеден, бәрі-бәрі сатып, қаржысын бөлісуде" деп жазылған.

Алайда ғылыми кітапхананың меңгерушісі Қарлығаш Ескендірова: "ешқандай кітаптар сатылмайды, қордағы бүкіл құнды дүниелер қатаң қорғалады. Бұл әйелді біз жауапқа тартамыз" деп фейсбук әлеуметтік желісінде жауап берді.

Деседе  бұл плакаттағы жазу шынайы ақпарат болуы әбден мүмкін. Себебі әйел ешкімнен қорықпай, көпшілік жүретін орынға барып, аталмыш плакатты ұстап жүрді.

Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайтыны белгілі. Сондықтан ғылыми кітапхана директоры және музей басшыларынан тарихи құндылықтарымыз қорғалып жатқандығын дәлелдейтін арнайы  есеп күтеміз!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер