Қазақ тарихи жеңіліске ұшырай ма?!

549

Ақорда "политтехнологтарының" ешқандай да саяси технологиясы қалмапты. Шеттен шауып келген баланы Әблязовқа айтақтап, әбден талатып алғаны қызық болды. Оның осы саяси дебатта жеңіліп қалатынын осында отырған қоғам алдын ала біліп те отыр еді. Ақорданы ақтап алатын енді ешқандай да саяси тұлға қалмады. Болмайды да. Тұтас Ақорда бір Әблязовқа қашаннан бері қарсы тұрып, төтеп бере алмай тұр. Кешегі дебатта көрдіңіздер ғой, Әблязовтың келтірген фактілері шегенмен қаққандай, нысананы тесіп өтіп отырды. Өзі өте сенімді. Әблязовтың бір ғана кемшілігі бар. Қазақ тілінде толық ақпаратпен қазақы қоғамды тұтас қамтамасыз ете алмай тұрғаны. Әблязовтың қорқып отырғандай түгі де жоқ, сыр алдырмады. Ақорданың политтехнолог шалдарының бір қызық түсінігі бар. Бұлар қазақы қоғамды осы уақытқа дейін баяғы каммунистік уақыттағы деңгейде қабылдап отырғаны. Демек, олардың санасы да, саяси ойлау өрісі де, заманауи политтехнологиялық басқару тәжірибесі де өткен ескі уақытта қалып қойған. Олардан алатын ешқандай да саяси құндылықтар қалмады деген сөз. Мұндай адамдар тек қана бюрократия мен цензураны ғана, түбі анархияны ғана көксейді. Себебі, болмысы да сондай. Заман өзгерді, ақпарат деген тасқын болып, тіпті, мұхит болып ағып тұр. Ел-жұрт не оқимын десе де алдынан шыға келеді. Ақ пен қара ажыратылды. Ажыратылмаған ешнәрсе де қалмады. Қоғамның санасы баяғы каммунистік сана емес, әлдеқайда өзгерген. Баяғы каммунистік санада қалған тек Ақорданың тұрындары ғана. Ал, Ақорданың жас политтехнологтары кәрі көсемдердің ығынан шыға алатын түрі жоқ. Кешегі дебатта Ертісбаевты қазақы қоғам бір жақты шетке теуіп шығарып тастады. Тіпті қабылдаған да жоқ. Бұл да ең соңғы саяси жүрістердің, жол табудың бір тактикасы болатын. Бірақ өтпеді. Сөздің қорытындысы біреу ғана. Ақорданың қазіргі жүргізіп отырған саяси жүйесі мен саяси технологиясы біздің қоғамды басқаруға профилі мүлдем келмейді. Егер осы жүйенің жұмысы жалғаса берсе, Қазақ мемлекеті үлкен тарихи жеңіліске тап келеді. Дәл қазір әупірімдеп күштік құрылымдар арқылы ғана ұстап тұр. Бұл жеңіс емес, ауыр жеңіліс. Мықты бір көшбасшы мен артынан қолдап шығатын электорат шыға келсе, бұлар бір күнде аттан ауып түсіп қалайын деп тұр.

 

Бекболат ҚАРЖАН

Пікірлер