Рухани астана. Түркістанның ерекше мәртебесі туралы заң - парламент қарауында

135
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Парламент Түркістанға рухани және тарихи астана мәртебесін беру туралы заң жобасын қарауда, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру туралы заң жобасы Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген. Бұл құжат Түркістанды рухани және тарихи астана ретінде тануға бағытталған.

Вице-премьер – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың  бұл заң жобасын әзірлеудің негізгі себептері ретінде Түркістан қаласының Түркі мемлекеттері ұйымы тарапынан түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танылуын және қаланың тарихи келбетін және оның аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау қажеттілігін айтты.

Жоба әзірлеу барысында Англия, Италия, Өзбекстан және Әзербайжан сияқты елдердің тарихи ескерткіштерді сақтау тәжірибесі зерттелді. Сонымен қатар, Түркістан тұрғындарымен кездесулер өткізіліп, олардың ұсыныстары заң жобасында ескерілді.

Заң жобасы 4 тарау және 15 баптан тұрады.

Заң жобасы аясында жер, сәулет, тарихи-мәдени мұраларды қорғау, туристік қызмет туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген. Қабылданған жағдайда жоба теріс әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық салдарға әкелмейді деп мәлімдеді Нұрлан Байбазаров.

Пікірлер