Halyk Қазақстандағы үздік банк болып танылды

1116
Adyrna.kz Telegram

"Еуразиялық мониторинг" талдамалық зерттеулер орталығы жүргізген сауалнама мәліметінше, Halyk Bank еліміздің қаржы секторындағы көшбасшы атанды. Зерттеуде бұл көрсеткіш банктің үздіксіз өзгеріп отыруымен байланысты екені айтылады.

 Halyk клиенттердің барлық топтарына қызмет көрсетеді, олардың әрқайсысы үшін арнайы ұсыныстар жасайды, үнемі жаңа өнімдерді ұсынып, жеке тұлғаларға да, бизнеске де экожүйе құрады. Сондай-ақ, банк активтер көлемі бойынша төрт жылдан аса уақыт бойы көшбасшылық позицияны ұстап келеді. 2024 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша активтер көлемі 17,6 трлн теңгеге жеткен.

 Бұдан бөлек, Halyk депозиттер бойынша Қазақстанның қаржы институттары арасында бірінші орынды сақтап отыр, оның көлемі бүкіл банк секторы салымдарының жалпы сомасының үштен бірін құрайды.

 Зерттеуде банктің әлеуметтік мәселелері туралы да айтылды. Сарапшыларға 2024 жылы қоғамның дамуына және қайырымдылыққа кім көп үлес қосты деген сұрақтар қойылған. Бұл жерде Halyk Bank акционері және "Халық" жеке қайырымдылық қорының құрылтайшысы Тимур Құлыбаев жылдың меценаты атанғанын атап өткен жөн.

 Айта кетейік, 2024 жылы банк, "Халық" қайырымдылық қоры және Тимур Құлыбаев су тасқыны салдарымен күресуге өз қаражатынан 38,3 млрд теңге бөлген болатын.

 Бұл зерттеуге банктің сонғы жылдардағы тарихи жетістіктері негіз болған. Соңғы 5 жылда Halyk Bank және "Халық" қайырымдылық қоры 128 млрд теңгеден аса сомаға 200-ден аса ірі әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асырған.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер