Қырғызстанда түнде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қазақстанның ИГИ НЯЦ деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, 11 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша 02:30-да Қырғызстан аумағында магнитудасы 4,4 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,8 болатын жер сілкінісінің эпицентрі Талды-Суу ауылынан 9 шақырым оңтүстікте және Нарын қаласынан 37 шақырым оңтүстік-шығыста орналасқан.
Жерасты дүмпулері Озгоруш, Талды-Суу және Первомайск ауылдарында 3 балл күшімен сезілген.