1991 жылы 10 желтоқсанда Алматыда ашылған Жоғарғы кеңестің жетінші сессиясында Қазақ КСР-ін "Қазақстан Республикасы" деп атауға шешім қабылдады. Заңға Нұрсұлтан Назарбаев қол қойды.
Осыдан кейін Алматыдағы Республика сарайында президент ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру рәсімі өтті. Қазақстан Жоғарғы кеңесінің қаулысымен Президент өз қызметіне кірісті.
1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанда тұңғыш рет президенттің бүкілхалықтық сайлауы өткен. Осы арқылы Назарбаев тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлаудан кейінгі билікке қадам басты.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Республиканың мемлекеттік тәуелсіздігін жариялады.
Сол уақыттың естелігін Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік тағлымы» атты мақаласында жазды.
1997 жылы10 желтоқсанда елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру ресми түрде жарияланды.