Халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы – ұлттық спортымызды бағалаған нар тұлғаларымыздың бірі.
Бауыржан Момышұлы 50-жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Нұртас Оңдасыновқа хат жазады. Онда Баукең ел ішіндегі дәстүрлі көкпар, аударыспақ және т.б. ат ойындарын дамыту мәселесін көтереді. Соғыста қазақтың ұлттық ат спорты түрлерінің оң нәтиже бергеніне айрықша тоқталып өтеді. Баукең тіпті ұлттық ойындарды намыс көрінісі ретінде бағалап, оның тәрбиелік қырына баса мән беріп, жүйелі жолға түсіру жөнінде ұсыныс білдірген.
Дархан ӨМІРЗАҚ, “Алаш айнасы”