Жәкішев соты өзгеріссіз қалды

221

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевті шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш қанағаттандырылмады. 10 қыркүйекте Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық сотында апелляциялық алқа отырысы өтті, - деп хабарлайды  adyrna.kz ұлттық порталы КТК телеарнасындағы ақпаратты негізге ала отырып.

Жәкішевтің адвокаты сот отырысында бірқатар қарсылықтарын білдірді. Ол Жәкішевсіз істі қарау мүмкін емес деп санады. Оған себеп, Жәкішев видеоқоңырау арқылы сотқа қатысуы керек болған. Өкінішке қарай, байланыс қандай да бір күштің салдарынан ретке келтірілмеген.

10 жылдан астам түрмеде отырған Жәкішевке бүгін аяушылық таныта ма деп күткен едік. 24 шілдеде Семей соты оған шартты түрде келісім бермеді. Соған орай Жәкішевтің қорғаушысы апелляцияға берді, алайда өтінішті қанағаттандырмау туралы шешім күшінде қалды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер