Келесі жылы жалақы мен зейнетақы мөлшері өседі

825
Adyrna.kz Telegram
Фото: baq.kz
Фото: baq.kz

2025 жылдан бастап Қазақстанда айлық есептік көрсеткіш 6,5 пайызға өсетіні айтылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Айлық есептік көрсеткішке 3 932 теңге қосылып, ең төмен күнкөріс деңгейі 46 228 теңге болады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды.

Көрсетілген заңның 9-бабында 2025 жылы жалақының ең төмен мөлшері өзгермейтіні, бұрынғыша 85 мың теңге болып қалатыны жазылған.

Ең төмен күнкөріс деңгейі 43 407 теңгеден 46 228 теңгеге өседі. Сонымен бірге зейнетақының ең төмен мөлшері 8,5 пайызға өсіп, 62 771 теңге болды. Бұрын 57 853 теңге болған. Айта кетерлік жайт, мұндай зейнетақыны жұмыс өтілі 1998 жылға дейін көп болған азаматтар алады. Мысалы, әйелдер үшін 20 жыл, ер азаматтар үшін 25 жыл болады.

Пікірлер