Өндірістік альпинист 12-қабаттан құлап, қаза тапты

1145
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/12/86e82cf9f0906e59cd82abb3669d6deb.jpg
Алматыда өндірістік альпинист 12-қабатта баннер орнатып жатқан кезінде құлап, қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Оқиға 3 желтоқсанда Толе би көшесіндегі тұрғын үй кешендерінің бірінде орын алған. Қаза болған альпинисттің жасы 27-де. Алматы қалалық полиция департаменті еңбек қорғау ережелерінің бұзылуы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. «Оқиғаның басқа мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», - деп мәлімдеді полиция қызметкерлері.
Комментарии