Ұлттық дәстүріміз дінді жоққа шығармайды

72

 

"Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі" ҚҚ-ы (Адырна - ұлттық-этнографиялық бірлестігі ) "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ-ның (CISC )мемлекеттік гранты аясында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырыла бастаған "Дәстүрлі руxани құндылықтарды қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру" жобасы бойынша дәріс ұйымдастырды.
Атаулы шара әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  Философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының студенттерімен жүзеге асты. Дәріскер ретінде Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері, PhD доктор, дінтанушы Дәурен Дариябек  және  Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының кіші ғылыми қызметкері Арман Әубәкір руxани құндылықтар жайында дәріс оқыды.
ҚазҰУ-дың Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымының докторы, профессор Айнұр Дүрбелеңқызы Құрманәлиева алғашқы сөз сөйлеп, іс-шараның шымылдығын түріп берді.
Дәрісте ҚазҰУ шәкірттері ұлттық құндылықтар мен діни мәселелерге қатысты көкейлерінде жүрген әртүрлі сұрақтарды қойып барынша белсенділік таныта білді. Студенттер тарапынан түскен сұрақтың бірі: «Ұлтымыздың дәстүрі Ислам дініндегі ұстанымдарға кереғар емес пе?» болды. «Жерімізге Ислам діні келмей тұрып та, халқымыз белгілі бір заңдылықтарға бағынды. Табиғатпен, күнделікті тіршілікпен және адамзатпен тікелей байланыстан туған осындай заңдылықтар дәстүрімізді қалыптастырды. Сондай қалыптасқан дәстүріміз Ислам дінінің қағидаларын өзара сабақтастырып, байланыстыра білді. Нәтижесінде бүгінге дейін жалғасып келген дәстүр және дін ұстанымдарының іргетасын қалады. Халқымыздың дәстүрі Ислам шарттарын жоққа шығармайды. Керісінше, діни сеніммен терең байланыстырылатын ұлттық дәстүрлеріміз өте көп», деп  бұл сұраққа Арман Әубәкір жауап берді.
Шара соңында ақпараттық-танымдық буклеттер таратылып, жастардың дәрісті қаншалықты түсінгенін анықтау мақсатында шағын сауалнама жүргізілді.

Меруерт КЕҢЕСБЕКҚЫЗЫ
"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер