Халықтың кредиті бұдан кейін де кешіріле бермек

388

Осы уақытқа дейін, банктегі кері байланыс бөлімшесінің басшысы болып істегеніме сүйеніп, мемлекеттің халыққа қарыздарды кешіру шарасы, елдің едәуір қызығушылығын, сонымен қатар, көп сұрақтарды тудырғаны туралы айта аламын.
Бұл шараға қатысатын азаматтардың категорияларын қарайық:

- көп балалы жанұялар (4-тен көп бала)
- асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар
- атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар
- жетім балалар
- 29 жасқа жетпей, ата-анасыз қалғандар, кәмелетке толмай, ата-анасыз қалған азаматтар.

Жалпы қарыздың 2019 жылдың 1 маусымына дейін, 3 мил. теңгеден аспауы қажеттігі жайында да, ұмытпау керек.

Қарызы бар бір азаматқа, жалпы қарыздан 300 мыңға дейін төленетіні анық. Егер де, бір отбасының ішінде қарызы бар екі кісі болса, өтеу сомасы 600 мыңға дейін жетуі мүмкін.
Мәліметтерді тексеру үшін, http://nws6.enbek.kz/ru/status-check осы сілтеме арқылы өтіңіз.

Егер де сіз тиісті категорияға жатып, тізімде жоқ болсаңыз,  ақпараттық жүйеде актілік жазбаның болмауы себеп. Соған байланысты, бұл мәліметтерді сәйкестендіру үшін, АХАЖ бөліміне баруыңыз керек. Қарыздарды, өсімпұл мен айыппұлдарды өтеу бойынша барлық жұмыстар, банктер мен микроқаржылық ұйымдардың тарабынан дербес жасалынады. Бұл жұмыстың нәтижесі бойынша, қарызы бар әр азаматпен, банк немесе микроқаржылық ұйым өзі хабарласады.

Бұл ақпаратпен барлығыңызды бөлісуге шақырамын, әрқайсыңыз мемлекеттен көмек алыңыздар.

P.S. Егер де несие коллекторлық қызметке берілсе, қарыз кешірілмейді.

 

Аман КЕНЖЕБАЙҰЛЫ

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер