Бетперде киген жігіт жалғызбасты ананы қуантты

213
Adyrna.kz Telegram
Фото: inbusiness.com
Фото: inbusiness.com

"Бетперделі адам" лақап атымен танылған азамат үш баласын асырап, такси болып жүрген жалғызбасты анаға сый жасап, қуантты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы inbusiness.kz сайтына сілтеп.

Жалғызбасты ананың үш баласы бар. Ең кіші баласы ауруға шалдыққан.

Әйел балаларын асырау үшін несиеге көлік алып, күнделікті таңнан-кешке дейін көліктен түспейді екен.

"Жалғызбасты анамын, үш балам бар. Кіші балам дцп, эпилепсиямен ауырады. Жүре алмайды, сөйлей алмайды. Жасы 8-де. Баламды емдеуге апарамын, бір жағынан такси болып, жұмыс істеймін. Көлікті несиеге алдым. Қаланың сыртында пәтер жалдап тұрамыз. Жағдайымыз қиын, қиналып, шаршап кеттім", – дейді жалғызбасты ана.

Пікірлер