Алматыда өнерсүйер қауым «Хан Сұлтан, Алтын Орда» операсын алғашқылардың бірі боп тамашалады

222
Adyrna.kz Telegram

«Мен әйелмін әрі тегім мен дәрежемді ескерсек, дәл өзімдей жанның озбырлық көруі өте ұятты іс болар еді. Сенің кәріңе ұшырайтындай өз тарапымнан сөкет дүние қылмап ем. Жөні, мына мені тірі қалдыруың» депті бір кез Алтын Орда бегімі, Берке хан анасы Хан Сұлтан қысталаң шақта алғашқы жұбайына жазған хатында.

Бұл уақиға 1212-ші жылы орын алса, 2024-ші жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұжымы композитор Хамит Шанғалиевпен «Хан Сұлтан, Алтын Орда» туындысын жұмыла жұмыр күйге келтіріп кеп, 29-шы қарашадан бастап, мәнер әм өнерсүйер көп алдында сахналамақ. Хамит мырза жеке ойы, материал мазмұнына терең үңілген сайын іш толғауың музыка тіліне ұласуы да сондық қиын екен. Студиядан 120 күн шықпай, тарих тамыры соғысын бүгінгімен үндестіруге қажыры мен жанын сап, тың тәсілден playback пен интершуды қосқанын айтып өтті-ақ. Ал италиялық қоюшы режиссер Давиде Ливермор осынау шығармашылық дүниелікті бақилық болған бір хор әртісіне арнайтынын жеткізді. Либретто сөзіне жауапты Маралтай Ыбыраев әуелде 3 түрлі нұсқасын жазып шыққанын, 3 буын, 7 буын, 12 буынмен бас мән-идеяны қамту оңай тимегенін білдірді. Аталған опера көркемдік қана емес, ғылыми тұрғыдан да дәйектілігіне Нұрлан Атығаев, Ильнур Миргалеев, Ілияс Кемалоғлу іспетті ғалымдар өз үлесін қосты.

Пікірлер