Белгілі сазгер Мұхит Қасқырбаев өмірден өтті

1012
Adyrna.kz Telegram

Бүгін елімізге танымал сазгер Мұхит Қасқырбаев 63 жасында дүниеден озды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мұхит ҚасқырбаевҚазақстанның халық артисі Мақпал Жүнісованың екінші тынысын ашып, басына түскен қайғылы жағдайдан кейін есін жинап, киелі сахнаға қайта оралуына себепкер болған сазгер. Әншіге «Қазақтың ерке қызымын», «Мен анамын» деген әндерді жазған болатын.

Мұхит Қасқырбаев 1961 жылы Шымкент қаласында өмірге келген. 11 жылдық мектепті Спатаев атындағы №7 мектеп-лицейінде тәмамдап, кейін Оңтүстік Саз колледжін бітірген. Қазіргі таңда жұбайы, 2 ұлы мен 3 немересі бар.

Ол Мақпал Жүнісовадан бөлек, Дәурен Сейітжановтың тағдырынан сыр шерткен «Ақ қайың» мен «Қайран өмір», әр мерекеде тұсаукесер әнге айналған «Жігіттер» квартетінің «Мереке» сынды халыққа танымал біраз әндердің авторы.

Пікірлер